Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Шенген визасын рәсімдеуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар

06.07.2021 - FAQ

Бұл сұраққа жауапты Сіз осы жерден таба алуыңыз мүмкін:

FAQ

Виза ашуға өтінішіңізді Сіз ұзақ уақыт болуды жоспарлап отырған Шенген келісіміне кіретін елдің өкілдігіне тапсыру керек. Егер Сіз, мысалы, Францияда үш күн және Германияда жеті күн болуды жоспарлап кетіп бара жатсаңыз, онда Сіз виза алу үшін Германияның өкілдігіне жүгінуіңіз қажет. Егер екі елде болу күндері бірдей тең болса, виза алу үшін Сіз бірінші кіретін елдің өкілдігіне жүгініңіз.

Жоқ. Сіз виза алу үшін іс жүзінде болатын елдің өкілдігіне жүгінуіңіз керек. Егер Сіз шекараны Германия арқылы кесіп өтсеңіз, виза берген елге сапар шегетіндігіңізді дәлелдей алатындығыңызға көз жеткізіңіз (мысалы, қосымша ұшақ немесе теміржол билеттерін ұсыну, қонақ үйді брондау және т. б.).

Қазақстан мен Ресей азаматтарына транзиттік виза қажет емес, яғни Сіз Германия әуежайларының халықаралық транзиттік аймағында визасыз бола аласыз. Алайда, егер Сізге транзиттік аймақтан шығу керек болған жағдайда, Сізге Шенген визасы қажет болады. Толығырақ ақпаратты біздің жадынамамыздан  табуға болады.

Сіз өтінішіңізді тиісті Визаметрик  виза орталығына тапсыруыңыз қажет. Ол жерден құжаттар шешім қабылдау үшін Елшілікке немесе Бас консулдыққа жіберіледі.

Әдетте Елшіліктің әкімшілік ауданында тұратын және сол жерде өмірлік қызығушылық мүдделері бар адамдар өтініштерін Астана қаласындағы виза орталығына тапсыра алады. Елшіліктің әкімшілік ауданы туралы ақпаратты мына жерден  таба аласыз.

Әдетте Бас консулдықтың әкімшілік ауданында тұратын және сол жерде өмірлік қызығушылық мүдделері бар адамдар өтініштерін Алматы қаласындағы виза орталығына тапсыра алады. Бас консулдықтың әкімшілік ауданы туралы ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Өмірлік қызығушылық аясы әдетте Сіз тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерде болады. Егер Сіз, мысалы, Елшіліктің әкімшілік ауданында тіркеуде тұрған болсаңыз, бірақ іс жүзінде Бас консулдықтың ауданында тұрғылықты тұрып, жұмыс істейтін болсаңыз, онда Сіз Бас консулдыққа қарасты визалық орталыққа жүгінуіңіз керек.

Германияның Қазақстандағы өкілдіктері тек Визаметрик виза орталығымен жұмыс істейді. Визаметрик компаниясының Қазақстанда өтініш қабылдайтын екi орталығы бар. Егер Сіз Елшіліктің әкімшілік ауданында тұратын болсаңыз, онда Сіз өтінішті Астана қаласындағы визалық орталыққа тапсыра аласыз. Астана қаласындағы Елшіліктің әкімшілік ауданы туралы ақпаратты мына жерден  таба аласыз.

Егер Сіз Бас консулдықтың әкімшілік ауданында тұрсаңыз, онда Сіз өтінішті Алматы қаласындағы виза орталығына тапсыра аласыз. Алматы қаласындағы Бас консулдықтың әкімшілік ауданы туралы ақпаратты мына жерден  таба аласыз.

Сіз өзіңіз тұратын әкімшілік ауданда орналасқан виза орталығының біріне өтініш тапсыруыңыз керек. Бұл жағдайда, Алматы қаласында тіркеуде болғаныңызға қарамастан Сіз Астана қаласының әкімшілік ауданында тұратыныңыздың дәлелі ретінде жұмыс берушіден және банктен алған анықтаманы көрсетуге болады немесе, мысалы, пәтеріңізді жалға бергеніңіз туралы келісімді ұсыну қажет.

Жоқ. Егер Сіз шетелде оқып жатсаңыз, онда өтінішіңізді оқитын жеріңіз орналасқан әкімшілік аймақтағы Германия өкілдігіне тапсыруыңыз керек.

Ия, өтініш тапсыру үшін жазылып қою міндетті. Сіз құжаттарды тапсыру үшін Визаметрик виза орталығының сайтында жазыла аласыз. Толық ақпаратты және жазылу туралы мәліметті мына жерден  таба аласыз.

20.02.2020 жылдан бастап Шенген визасына өтініш беру үшін тікелей Елшілікке немесе Бас консулдыққа өтініш тапсыру үшін уақытты тағайындау мүмкін болмай қалды. Сіз құжат тапсыру үшін Визаметрик  виза орталығының сайтында жазыла аласыз.

Төтенше жағдайда алдын-ала құжат тапсыруға жазылмастан Елшілікке / Бас консулдыққа тікелей хабарласа аласыз. Содан кейін Елшілік / Бас консулдық Сіздің өтінішіңізді ерекше жағдай ретінде қабылдай ма, жоқ па немесе өтініш беру үшін Сізді виза орталығына жібереді ме, жоқ па деген мәселені қарастырады.Тек ата-анасы, балалары мен бауырлары ғана жақын туыс болып саналады.

Осы жағдайда хабарласқан кезде қонаққа бару мақсатында виза алуға (жадынама) өтініш беру үшін қажетті барлық құжаттарды тапсыруыңыз керек, сондай-ақ шұғыл жағдайдың шын мәнінде орын алғаны туралы дәлелдемеңіздің болуы қажет, мысалы өлімі туралы куәлік, Германиядағы емдеу мекемесінің анықтамасы және туыстықты растайтын құжаттар.

Жасайтын саяхатыңыздың мақсатына байланысты егжей-тегжейлі жадынамаларды мына жерден  таба аласыз.

Ережеге сәйкес, егер шақырушы тұлғадан қаржылық міндеттемелерді өзіне алғаны және Сіздің сапарыңыз бен сол жерде болуыңызға байланысты барлық шығындарды өтеуге кепілдік беретінің көрсеткен ресми шақыру хаты (Verpflichtungserklärung) түспеген жағдайда Сіз банктік есепшот түріндегі қаржылық қаражатыңызды көрсетуіңізге керек. 

Егер сапарға байланысты барлық шығындарды өзіңіз көтеретін болсаңыз, онда Сіз сапарға байланысты толық шығындарды өтеуге, Шенген аймағында болуыңызға және елге қайтып оралуыңызға жеткілікті қаражаттың болуын растауыңыз керек. Сонымен бірге, Сіз қайда тұрақтайтыныңызды жоспарлағаныңыз және онда қанша уақыт болатындығыңыз маңызды. Егер Сіз, мысалы, қонақ үйде тұратын болсаңыз, онда соған байланысты қонақ үйге төлейтін  қаражатыңыздың толық жеткілікті екендігін және күнкөріске қажетті қосымша қаражаттың бар екендігін растауыңыз қажет. Егер Сіз туыстарыңызда немесе достарыңызда тұратын болсаңыз, онда Сіз соған сәйкес қаражатыңыз бар екендігін растауыңыз керек.

Виза ашуға өтінішті өңдеу жарнасы Қазақстан азаматтары үшін:

- 12 жастан бастап 90 евро,

- 6 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін 45 евро,

- 6 жасқа дейінгі балалардың өтініштерді ақысыз өңделеді.

Төлем тек Елшіліктің немесе Бас консулдықтың ағымдағы бағамы бойынша теңгемен қолма-қол қабылданады.

Мынаған назар аударыңыз, төлем виза берілгені үшін емес, өтінішті қарастырғаны үшін алынады, яғни виза берілмеген жағдайда төленген ақша қайтарылмайды.

Егер Сіз визалық орталығы арқылы өтініш білдірсеңіз, Сіз қосымша қызмет ақысын төлеуіңіз керек. Қосымша ақпаратты мына жерден  таба аласыз.

Шақыру қағазын және басқа да құжаттардың қандай формада ұсыну керектігі туралы ақпаратты біздің жазбалардан таба аласыз.

Виза ашылатынына ешқандай кепілдік берілмейді. Визалық кодекстің шарттары сақталған жағдайда Елшілік / Бас консулдық әр істі жеке қарастырады. Егер барлық құжаттар толық ұсынылған болса да, кейбір жағдайларда өкілдік виза ашпауы мүмкін. Виза алу мүмкіндігін арттыру үшін Сіз біздің парақшаларымызға сәйкес толық құжаттарды дайындап, өтініш беру кезінде барлық қажетті сенімді ақпаратты ұсынуыңыз керек.

Виза кодексіне сәйкес, визалық өтініштер 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырылу керек. Кейбір жағдайларда (мысалы, құжаттар толық көлемде тапсырылмаған болса немесе шешілмеген мәселелер болған жағдайда) бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Ережеге сәйкес өтінішті жедел өңдеу мәселесі қарастырылмаған. Алайда, медициналық төтенше жағдай немесе басқа төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, Елшілік / Бас консулдық жедел визалық шешім қабылдауы мүмкін. Бұл жағдайда өтініш берушінің жеке мәліметтері мен өңдеу нөмірін көрсете отырып, біздің байланыс формуляр  арқылы Сіз өтініш тапсырған өкілдікпен тікелей хабарласып, төтенше жағдайды түсіндіріңіз.

Визалық орталықтары жедел өңдеу туралы шешім қабылдай алмайды.

Визаметрик  виза орталығының веб-сайтында Сіз өтінішіңізді қарастыру жағдайын/барысын онлайн режимінде тексеруіңізге болады.

Сонымен қатар, Елшілік/Бас консулдық және Визаметрик өтінішті өңдеу жағдайы туралы ешқандай ақпарат бермейді. Егер Сіз өтінішті 15 күнтізбелік күннен бұрын жіберген болсаңыз және әлі ешқандай хабар ала алмасаңыз (яғни, Сізден ешқандай қосымша құжаттарды сұрамаған болса), бізбен байланыс формулярын  пайдаланып хабарласа аласыз. Жеке мәліметтеріңізді және өтініштің нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Шенген зонасында болудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі 180 күннің 90 күнін құрайды. Бұл дегеніміз, Сіз ешқандай жағдайда Шенген аймағында бір рет барғаныңызда 90 күннен артық немесе жалпы алғанда 180 күн ішінде 90 күннен артық бола алмайсыз.

Мына жерде  Сіз онлайн-калькулятор арқылы Шенген аймағында қанша күн бола алатыныңызды және келесі жолы қашан кіруге болатындығы есептей аласыз.

Шындығында, Шенген визасы Сізге Шенген келісіміне кіретін елдердің кез - келгеніне бара алу құқығын береді. Алайда, Сіздің баратын жеріңіз Сізге виза берген мемлекет болуы керек. Осылайша, визаның қолданылу мерзімі аясында күндердің көп бөлігінде Сіз виза берген елде болуыңыз керек. Егер Сіз виза берген елге сапарға шығу үшін визаңызды әлі қолданбаған болсаңыз және бірақ та басқа Шенген еліне барғыңыз келсе, онда Сіз шекара бақылауынан өткенде, осы виза берген елге кем дегенде бір жоспарланған сапарды растайтын дәлелдеме көрсетуге дайын болуыңыз керек.

Шенген визасын тек сұралған визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сіздегі төлқұжат кемінде үш ай ішінде жарамды болған жағдайда ғана беруге болады. Егер төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аз болса, өтініш қарастыруға қабылданбайды. Дереу жаңа төлқұжатқа өтініш беріп, жаңа төлқұжатпен өтінішті қоса беріңіз.

Сіздің төлқұжатыңыз талап етілген визаның мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш ай бойы жарамды болуы керек. Одан кейінгі мерзімге виза берілмейді.

Қазақстан азаматтары 16 жастан бастап қолы қойылған төлқұжатқа ие болуы керек.

Ресей азаматтары 14 жасынан бастап қолы қойылған төлқұжаттары болуы керек.

Ережеге сәйкес, визаларды тек зақымдалмаған, бүтін төлқұжатқа  жапсыруға болады. Егер фотосуреті бар парақ бүлінген болса немесе жыртылған парақтар болса, онда мұндай төлқұжатқа виза жапсыруға болмайды. Егер Сіз төлқұжатыңызды сапарға шығуға және визаны рәсімдеу үшін пайдалануға болатындығына сенімді болмасаңыз, қабылдау уақытында Елшілікке  немесе Бас консулдыққа  хабарласып, кеңес ала аласыз.

Бұл жағдайда Сіз визаны ескі төлқұжаттан жаңа төлқұжатқа  ауыстыра аласыз. Визаны жаңа төлқұжатқа ауыстыру кезінде ондағы мәліметтер мен мерзімдерін өзгерту мүмкін емес. Визаны ауыстыру ақысыз. Сіз осы қызмет жөнінде екі төлқұжатыңызбен қабылдау уақытында Елшілікке / Бас консулдыққа  жүгіне аласыз

Жоқ. Егер Сіз өз тегіңізді ресми түрде өзгерткен болсаңыз, яғни Сіздің тегіңіздің жазылуын өзгерту туралы құжатыңыз болса немесе жаңа тегіңіз көрсетілген неке қию туралы куәлігіңіз болса, онда Сіз жаңа төлқұжат алып, содан кейін ғана виза алуға өтініш білдіруіңіз керек. Ескі төлқұжатпен оның мерзімі әлі бітпесе де өтініш беру мүмкін емес.

Бұл жағдайда қолданыстағы визаны жаңа төлқұжатқа ауыстыруға болады. Жеке деректеріңізде өзгеріс болғандықтан саусақ іздеріңізді қайта тапсыруыңыз керек. Қабылдау уақытында төлқұжаттарыңызбен және жарамды фотосуретіңізбен Елшілікке / Бас консулдыққа  хабарласыңыз. Егер тегі өзгерген болса, растайтын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі қажет.

Егер Сіз саусақ іздерін Шенген елдерінің кез-келген өкілдіктерінде соңғы 59 айдан аспайтын уақытта өткізген болсаңыз, онда жаңа өтініш беру үшін Сіздің жеке қатысуыңыздың қажеті жоқ. Бұл жағдайда Сіз визаға өтініш беру үшін нотариус куәландырған сенімхат беру арқылы үшінші тұлғаға өкілеттік бере аласыз. Сенімхат нотариуста куәландырылуы керек және онда виза алу кезінде уәкілетті тұлға Сіздің мүдделеріңізді виза орталықтарында немесе Елшілікте / Бас консулдықта білдіруге уәкілетті екендігі туралы ақпарат болуы қажет.

Визалық өтініштерді қарастыру кезінде Елшілік / Бас консулдық Виза кодексіне сәйкес виза ашуға қойылатын талаптардың орындалғанын тексереді. Егер талаптардың кем дегенде біреуі орындалмаса, бұл виза ашпауға себеп болады. Виза ашпаудың себебі Сіз төлқұжатыңызбен бірге алатын виза ашпаудың себебі көрсетілген хатта көрсетіледі.

Тізімге сәйкес барлық қажетті құжаттарды толық көлемде ұсыну бірден визаның ашылуына әкелмейді. Елшілік / Бас консулдық әр өтінішті жеке-жеке тексеріп, виза ашудың барлық шарттарының орындалғанын анықтайды. Егер олай болмаған жағдайда, өтініш толығымен тапсырылған болса да, виза ашылмауы мүмкін.

Егер Сізге виза беруден бас тартылған болса, Сіз шағымдана аласыз. Бұл мәселе бойынша толық ақпаратты мына жерден  таба аласыз.

Немесе Сіз жаңа өтініш бере аласыз.

Сіз кез-келген уақытта жаңа өтініш бере аласыз. Жаңа өтінішке визаның берілмеу себебін жоққа шығаратын құжаттарды тіркеңіз. Егер Сізге, мысалы, сапардың белгіленген мақсатына сәйкес келмеуіне байланысты виза берілмеген болса, Сіз өз қалауыңыз бойынша сапардың мақсатын растайтын құжаттарды ұсына аласыз (мысалы: жоспарланған іс-шараларды құжаттық растау, концертке билет, экскурсиялық тур және т. б.).

Шағым арыз / аппеляция дегеніміз – виза ашылмағаннан кейін, визалық өтінішті қайта қарау туралы арыз. Қосымша ақпаратты мына жерде  таба аласыз.

Шағым арыз / аппеляция рәсімі ақысыз.

Виза бөлімінің жұмыс көлеміне байланысты қарастыру бірнеше күннен үш айға дейін созылуы мүмкін.

Шағым арыз / аппеляция процесі туралы қосымша ақпаратты мына жерден  таба аласыз.

Кәмелетке толмаған балаларға арналған визалық өтініштерге ата-аналардың екеуі де қол қоюы керек. Сонымен қатар, баламен бірге бармайтын ата-анасынан Шенген елдеріне сапарға шығуға рұқсат беру үшін ата - анасынан нотариалдық куәландырылған рұқсат қағазы талап етіледі. Түпнұсқасы және көшірмесі баланың өтінішімен бірге ұсынылуы керек., Шекарада сұралған жағдайда көрсету үшін түпнұсқа өтініш иесіне қайтарылады.

Бұл жағдайда баланың баруы үшін қай жағдай болса да талап етілетін рұқсат қағаздан басқа ата-ананың екіншісі балаға нақты бір уақытқа виза берілуіне қарсы емес екендігі туралы өтініш беруі қажет. Бұл өтінішті, сондай-ақ, шетелдік нотариус те бере алады. Егер өтініш неміс, орыс, ағылшын, француз немесе қазақ тілдерінде жазылмаса, онда оны неміс немесе орыс тіліне аудару керек.  

Иә. Ата-ана құқығына ие ата-аналар үшінші тұлғаға кәмелетке толмаған баласына өтініш беруге уәкілеттік бере алады. Өтініш беру үшін жазылған сенімхатқа ата-ана құқығына ие барлық адамдар қол қоюы керек және нотариалдық куәландырылуы қажет. Бұл жағдайда сенім білдірген адам баланың өтінішіне қол қоя алады.

Визаға өтініш берушілердің биометриялық деректері VIS-те (визалық ақпараттық жүйеде) мәліметтер берілген күннен бастап 59 ай ішінде сақталады. 59 ай өткеннен кейін саусақ іздерін қайта тапсыру қажет.

Көп жағдайда, жоқ. Мәліметтер өтінішті қарастырудың нәтижесіне қарамастан жүйеде сақталады.

Жоқ. Егер Сіздің саусақ іздеріңіз VIS те (визалық ақпараттық жүйеде) жүйесінде сақталған болса, онда олар бүкіл әлемдегі Шенген келісіміне кіретін елдердің кез-келген өкілдігіне қол жетімді.

1. Егер Сіз шақыратын адамның бүкіл жол ақысы мен тұру шығындарын көтеретін болсаңыз, онда Сіз міндеттеме алғаныңыз туралы ресми кепілдік беруіңіз қажет (Verpflichtungserklärung). Сіз бұл аталған құжатты Германияда, тұрғылықты жеріңіздегі шетелдіктермен жұмыс жасау мекемесінен алуыңызға болады (Ausländerbehörde). Бұл жағдайда Сізге осы сапарға ақы төлеу мүмкіндігін растау үшін Cіздің кірістеріңіз бен мүліктеріңіз туралы дәлелдемелер ұсыну қажет болады. Өзіңізге міндеттеме алғаныңыз туралы кепілдігіңіз көрсетілген шақыру қағазы Сізге түпнұсқада беріледі (Verpflichtungserklärung), берілген түпнұсқаны Сіз шақыратын адамға бересіз.

Өтініш берген кезде Елшілік / Бас консулдық осы құжатты талап етеді. Сол сияқты шекарашылар Германияға кірген кезде түпнұсқаны сұрай алады. Виза аштыру үшін өтініш берген кезде, шақыру қағазы (Verpflichtungserklärung) шақырылған адам үшін сапар мақсатын растайтын, сондай-ақ қаржыландыруды растайтын құжат болып табылады.

Егер шетелдіктермен жұмыс істейтін мекеме шығындарды төлеуге қаражатыңыздың жеткіліксіз екенін анықтаса, бұл Сіздің қаржылық жағдайыңызды растамайды. Бірақ Сіз мұндай шақыру қағазын, ең болмағанда шақыру және сапардың мақсатын дәлелдеу ретінде пайдалана аласыз.

2. Егер Сіз шақырып отырған адамның шығындарын төлемейтін болсаңыз Сіз бейресми шақыру жасай аласыз. Мұндай шақыру Сіз сол адамды Германияға шақырып жатқаныңызды растайды, ол адам Сізде тұруы ықтимал. Ресми емес шақырудың үлгісін мына жерден  таба аласыз. Осы шақыру қағазындағы қойылған қолды (нотариус немесе муниципалитет ресми органдар) куәландыруы тиіс). Немесе балама ретінде Сіз төлқұжатыңыздың көшірмесін шақыру қағазына қоса сала аласыз.

Мұндай шақыру сапардың мақсатын дәлелдеу ретінде ғана жарамды немесе ол өтініш берушінің сапар барысында тұратын жерін растауы мүмкін. Бұл жағдайда сапарды қаржыландыруды растауды шақырылған адам, ең алдымен, өзінің кірісі мен жалақысы туралы өзінің анықтамалары арқылы қамтамасыз етуі керек.

Осы мәселелер бойынша толық ақпаратты қонаққа бару мақсатында виза алу туралы жадынамада мына жерден  табуға болады.


Іскерлік визаны дайындау туралы жадынамада  Сіз виза өтініш берушінің осы санаттағы визаны алуға ұсынатын қажетті құжаттар тізімін таба аласыз. Осы құжаттардың бірі - Германиядағы серіктестің шақыруы. Шақыру қағазын дайындаған кезде міндетті түрде келесі ақпаратты толтырыңыз: серіктестің жеке деректері, болу мерзімі мен мақсаты, компанияның байланыс мәліметтері, соның ішінде телефон нөмірі мен электрондық пошта мекен-жайы, аты-жөні және шақырушы адамның аты-жөні мен қолы.

Шақыру қағазына қол қоюшының төлқұжатының көшірмесі қоса берілуі керек. Шақыру қағазының үлгісін мына жерден таба аласыз (неміс тілінде).

Егер шақыру қағазын жауапкершілігі шектеулі серіктестік жасаған болса (ЖШС / GmbH ), онда қабылдау туралы Заңның 66-68 параграфтарына сәйкес шақыру қағазында шақырылған адамның сапарға, барған жерге тұруға, және қажет болған жағдайда оны қайта қайтаруға байланысты міндеттемелер қабылдағаны бейресми өтініште көрсетілуі керек. Бұл жағдайда, шақыруға қол қойған адамның коммерциялық тізімге енгізілгеніне және компанияның атынан өкілдік ететініне көз жеткізіңіз. Егер шақырушы компания ЖШС/GmbH болмаса, онда шақыру мәтінінде шығындар бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы жазылған бейресми өтініш ұсыну мүмкін емес. Бұл жағдайда, Сіз шетелдіктер істері жөніндегі мекемеге Ausländerbehörde шығындарды өз міндеттемелеріңізге қабылдағаныңыз туралы ресми өтінішпен жүгінуіңіз қажет Verpflichtungserklärung.

Шақыру қағазы шақыратын адамға түпнұсқада жіберілуі керек. Түпнұсқаны Елшілікке / Бас консулдыққа жібермеңіз - талап етілмеген құжаттар өңделмейді және ешқандай визаға берілген өтініштермен байланысты болмайды.

Көп жағдайда иә. Алайда, екі нұсқа бар:

Сіздің іскерлік серіктесіңіз іскерлік визаны алуға өтініш береді, ол үшін Сіз қабылдау туралы Заңның  66-68 параграфтарына сәйкес міндеттемелерді қабылдағаныңызды көрсетіп шақыру қағазын беруіңіз керек. Серіктесіңіздің отбасы туристік виза рәсімдеуге арналған жадынамаға сәйкес  туристік визаға өтініш тапсырады.

НЕМЕСЕ

Сіз серіктесіңіз бен оның бүкіл отбасы үшін міндеттемелер қабылдап шақыру қағазын дайындайсыз. Бұл шақыру хатында отбасының басқа мүшелері Германияға іскерлік мақсатта емес, тек жеке мақсаттар үшін баратындығын көрсетіңіз. Бұл жағдайда отбасы мүшелері туристік визаларға жүгінеді. Осы жағдайда шақыру хаты қонақ үйді брондау мен банктің анықтамасының орнына жүреді.  Мұнда Сіз үлгіні және т. б. таба аласыз.

Маңызды ескертпе: жай туристік мақсатта немесе қонаққа барғысы келген адамдарды «іскерлік мақсаттарға» шақырмаңыз. Мұндай дұрыс емес мәліметтер өтініш берушілерге зиян келтіреді және виза ашпауға әкелуі мүмкін. Визаға өтініш тек іскерлік шақыру негізінде берілген болса, онда оның мақұлданбауының ықтималдығы зор болмақ.

Сіз бұл құжатты Германияда, тұрғылықты жеріңізде шетелдіктермен жұмыс жөніндегі мекемеден (Ausländerbehörde) ала аласыз.

Шақыру қағазы (Verpflichtungserklärung) шақырылған тұлға қайта қайтатынына кепілдік бермейді. Бұл тек шақырылған адам қайтарылған жағдайда шақырушы шығындарды өтейтіндігіне кепілдік береді. Шақыру қағазы болғанына қарамастан, виза беруден бас тартуы әбден мүмкін. Бас тартудың себебі өтініш беруші алған бас тарту туралы хатта көрсетілген.

Шақырушы ретінде Сіздің виза беруден бас тарту туралы шешімге шағымдануға мүмкіндігіңіз жоқ, өйткені өтініш берушінің өзі ғана бұған құқылы.

Алайда, өтініш беруші Сізге өзінің атынан аппелляциялық шағым беруге рұқсат бере алады. Мұндай сенімхат жазбаша түрде және өтініш берушінің жеке қолымен жазылуы керек. Аппелляция процесі туралы қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.

Әдетте, бұл жағдайда шетелдіктермен жұмыс жөніндегі мекеме шекарадан өту туралы анықтаманы (Grenzübertrittsbescheinigung) немесе шыққанын растайтын құжатты (Ausreisenachweis) береді. Осы құжаттардың біреуі және шығу белгілері бар төлқұжат болған жағдайда, Қазақстандағы өтініш берушілер өз төлқұжаттарымен Елшілікке немесе Бас консулдыққа жүгіне алады. Елшілік / Бас консулдық шетелдіктермен жұмыс жөніндегі мекемеге өтініш берушілердің Шенген аймағынан кеткендігін растай алатынын мәлімдейді. Барлық өтініш берушілер төлқұжаттарымен жеке баруға міндетті. Елшіліктің /Бас консулдықтың  жұмыс уақытына назар аударыңыз.


Шенген визасы Сізге Шенген аймағына кіруге құқық береді, бірақ оған кепілдік бермейді. Әрбір Шенген мемлекетінің шекарашылары Шенген шекара кодексінің аясында кіру шарттарының орындалуын тексеруге құқылы. Бұған, мысалы, келушінің жеткілікті қаржылық мүмкіндіктері бар-жоғын және оның Шенген аймағында болу мақсаты мен жағдайларын дәлелдей алатынын тексеру кіреді. Егер шекара қызметі кірудің бір немесе бірнеше талаптары орындалмады деген қорытындыға келсе, кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Егер Германияның  шекара қызметі кіргізуден бас тартса, онда Сіз бұл туралы тиісті шешім алып, осыған қатысты шекара қызметінің өзіне шағым арыз бере аласыз.

Егер Сіз Виза кодексінің шарттарын, Шенген шекара кодексінің немесе Германиядағы шетелдіктердің тұруы туралы заңның талаптарын бұзған болсаңыз, онда Сізге кіруге тыйым салынуы мүмкін. Сіз бұл туралы шетелдіктерді тіркеудің Орталық тізіміне (Ausländerzentralregister (AZR)) немесе Шенген ақпараттық жүйесіне (SIS) сұрау салу арқылы біле аласыз.

Бұл ақпаратты алу үшін Сіз төлқұжат және осы форманы  Елшілікке немесе Бас консулдыққа көрсетуіңіз қажет. Өтініш бланкісіндегі Сіздің қолыңызды Елшілік / Бас консулдық растайды (қолтаңбаны куәландыру құны 25 евро / теңгемен төленеді). Содан кейін Сіз Кельн қаласындағы Федералдық әкімшілік кеңсеге (Bundesverwaltungsamt) өтініш жіберіп, одан Сізге кіруге тыйым салынған – салынбағаны туралы ақпарат алуыңыз керек.

Сізге кіруге ешқандай шектеулер мен тыйым салынбаған болса да, кіру немесе тұру ережелерін бұзу виза беруден бас тартуға әкелуі мүмкін. Елшілік / Бас консулдық визалық өтініш алғаннан кейін әрбір істі жеке  қарастырады. Елшілік  пен Бас консулдықтың  жұмыс уақытына назар аударыңыз.

Шенген визасына өтініш берушілер консулдық қызметкерлердің, Визаметрик қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің мінез-құлқына немесе байланыс формулярын  қолданып виза алуды рәсімдеу тәртібіне шағымдана алады.

Ол үшін Сіз байланыс формулярында «Шенген визасын аштыруға өтініш беру процесіне шағым түсіру» айдары бойынша таңдау жасауыңыз керек. Шағымдарды тек неміс немесе ағылшын тілдерінде беруге болады. Басқа тілдерде берілген шағымдар қарастырылмайды:

Тақырып бағанында келесі үш нұсқаның бірін көрсетуіңізді сұраймыз:

• консулдық қызметкерлердің мінез-құлқына шағым

• қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің мінез-құлқына шағым

• Шенген визасына ашуға өтініш беру процесіне шағым

Сіздің шағымыңыз түскеннен кейін ол қаралады.

Ескерту: Байланыс формуляры виза беруден бас тарту, визаның күшін жою немесе визаны жарамсыз ету туралы шешімдерге заңды түрде шағымдануға арналмаған (яғни, атап айтқанда, аппелляциялық шағым беруге арналмаған).

жоғары