Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз

Деректерді қорғау туралы ақпарат Деректерді қорғау туралы жалпы ережесінің 13 б. сәйкес (DSGVO)

03.06.2020 - мақала

Төменде Сіз біздің веб-сайтта қашан және қандай деректер жиналғандығы және оны пайдалану туралы ақпарат таба аласыз.

Германияның Федералды Сыртқы істер министрлігі және шетелдік өкілдіктер жеке деректерді ЕО-тың деректерді қорғау туралы жалпы ережеге (DSGVO), Деректерді қорғау туралы федералды заңына (BDSG) және қажет болған жағдайда арнайы заңнамаға сәйкес өңдейді. Деректерді өңдеу әрі Сіздің құқықтарыңыз туралы түсіндіру мақсатында, сондай-ақ ақпарат беру бойынша міндеттемелердің орындалуын нақтылау үшін (Деректерді қорғау туралы жалпы ережесінің 13 және 14-баптары) біздің веб-сайтты қолдану кезінде, бізге хабар жібергенде (электрондық пошта, телефон немесе пошта арқылы), сондай-ақ біздің ақпараттық бюллетеньге жазылу кезінде жеке деректерді өңдеу туралы хабарлаймыз:

1. Негізгі ережелер

1.1.  Жауапты тұлға және деректерді қорғау жөніндегі уәкіл

Дипломатиялық қызмет туралы заңның (GAD) §2 сәйкес Федералды Сыртқы істер министрлігі (бас аппарат) және шетелдік өкілдіктер бірігіп бірыңғай федералды агенттік құрады.

Деректерді қорғау туралы жалпы ережесінің 4-ші бабының 7-ші тармағына сәйкес Федералды Сыртқы істер министрлігі жеке деректерді өңдеуге жауапты болып табылады:

Auswärtiges Аmt

Werderscher Markt 1  

10117 Berlin

Германия / Germany

Телефон: +49 (0) 30 18 17-0

Халыққа қызмет көрсету орталығы: +40 (0) 30 18 17-2000

Факс: +49 (0) 30 18 17-3402

Халыққа қызмет көрсету орталығына сұрау жіберу нысаны

Сіз Федералды Сыртқы істер министрлігінің Деректерді қорғау жөніндегі уәкілімен келесідей байланыса аласыз:

Datenschutzbeauftragte/r des Auswärtigen Amts
Auswärtiges Amt
Werderscher Markt 1
10117 Berlin
Германия/Germany

Телефон: +49 (0) 30 18 17-7099

Факс: +49 (0) 30 18 17-5 7099

Деректерді қорғау жөніндегі уәкілге сұраныс жіберу нысаны

Егер Сізде жеке деректерді қорғауға қатысты сұрақтарыңыз болса, шетелдік өкілдіктердегі деректерді қорғау бойынша жауапты қызметкерлерімен байланыса аласыз. Шетелдік өкілдіктердегі деректерді қорғау бойынша жауапты қызметкерлері туралы мәліметтер сайттың соңында көрсетілген (8 тармақты қараңыз).

1.2 Жеке деректер

Жеке деректер - бұл нақты немесе сәйкестендірілетін жеке тұлғаға қатысты кез-келген ақпарат. Сәйкестендірілетін тұлға дегеніміз - тікелей немесе жанама түрде, атап айтқанда аты, сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері туралы ақпарат, интернеттегі сәйкестендіргіші арқылы сәйкестендірілетін тұлға (Жалпы ереженің 4-бабының 1-тармағы). 

1.3 Деректерді өңдеудің құқықтық негіздері

Сіздің жеке деректеріңізді келесі негізде өңдейміз:

•  Жалпы ереженің 6 б., 1 бөл., а) т. сәйкес, егер Сіз жеке деректерді өңдеуге келісім берсеңіз (мысалы, ақпараттық бюллетень),

• Жалпы ереженің 6 б., 1 бөл., б) т. сәйкес, егер келісімшартты орындау немесе келісімшартқа дейінгі шараларды орындау үшін деректерді өңдеу қажет болса,

• Жалпы ереженің 6 б., 1 бөл., в) т. сәйкес, егер деректерді өңдеу бізге жүктелген заңды міндеттемелерді орындау үшін қажет болса,

• Жалпы ереженің 6-бабының 1 бөл., г) т. сәйкес, егер зардап шеккен адамның немесе басқа жеке тұлғаның өмірлік мүдделері жеке деректерді өңдеу қажеттілігін негіздейтін болса,

• Жалпы ереженің 6 б., 1 бөл. д) т., Федералдық ақпаратты қорғау туралы заңның § 3-ке сәйкес, егер деректерді өңдеу бізге жүктелген міндетті, қоғамдық мүдде үшін немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру аясында қажет болса (мысалы, сұрауларға жауаптар). Германияның Федералдық Сыртқы істер министрлігінің және шетелдік өкілдіктерінің міндеттерінің қатарына қоғаммен жұмыс жасау және шетелде Германия Федеративтік Республикасы туралы ақпарат беру жатады (Дипломатиялық қызмет туралы заңның §1 қара).

  

2. Осы сайтқа кірген кезде деректерді өңдеу

2.1 Деректерді жинау

Пайдаланушы біздің интернет-ресурстарымызға кірген сайын және файл жүктелген сайын бұл процесс туралы ақпарат уақытша журналда сақталады және өңделеді.

Пайдаланушы әрекетін талдау үшін пайдаланылатын matomo-бақылау құралы пайдаланушылардың жеке деректері жиналмайтын етіп жасалған.

Сонымен қатар, сіздің IP-адресіңіз анонимді болып табылады, бұл пайдаланушыны бақылауға мүмкіндік бермейді.

Бақылау құралы ақпараттық қауіпсіздіктің Федералдық офисімен куәландырылған, желінің қауіпсіз аймағында орналасқан өзіміздің серверлерімізде жұмыс істейді, бұл бақылау деректерінің ағып кетуін болдырмайды.

Сонымен қатар, Сіз браузеріңізді сайтқа кіруіңіз мүлде тіркелмейтін және талданбайтындай етіп теңшей аласыз («бақыламаңыз» теңшелімі). Браузердің теңшелімін жібере отырып, бақылау құралына кірген адам бақыланғысы келетін-келмейтіні туралы сигнал беріледі.

Браузеріңізді қалай теңшеу керектігін білу үшін, іздеу жүйесінде, мысалы, келесі сұрауды қоюға болады: «[бақыламайтын» функциясын [браузеріңіздің аты] қосу».

JavaScript-ті бақылау кезінде келесі деректер тіркеледі:

• сұрау (сұралған файлдың атауы), сұраудың күні мен уақыты

• браузердің түрі / нұсқасы (мысалы: Internet Explorer 11)

• браузердің тілі (мысалы: неміс тілі)

• пайдаланылған операциялық жүйе (мысалы: Windows 10)

• құрылғының түрі, моделі, маркасы

• экран өлшемі

• пайдаланылған плагиндер (мысалы: Flash, Java)

• реферер (қолданушы бұрын кірген сайт)

• анонимді IP-адрес

• сұрау түскен ел мен аймақ

• жүктеулер

• шертулер саны

• жіберілген нысандар саны (мақсаттардың анықталуына байланысты

2.2 Куки-файлдары

Жеке парақтарды жүктеу кезінде навигацияны жеңілдету үшін уақытша куки-файлдар қолданылады. Бұл сеанс кукилерінде жеке деректер жоқ және сеанс аяқталғаннан кейін жойылады. Куки-файлдар себетті пайдалану кезінде де қолданылады. Сеанс аяқталғаннан кейін олар да жойылады.

Пайдаланушының сайтқа кіруін бақылауға мүмкіндік беретін технологиялар пайдаланылмайды.

2.3 Әлеуметтік желі плагиндерін пайдалану

Қазіргі уақытта біз келесі әлеуметтік желілерге арналған плагиндерді қолданамыз: Facebook, Twitter, Instagram және Youtube (Google). Сонымен қатар, біз екі рет шертуді қолданамыз. Бұл біздің сайтқа кіргенде, плагин провайдері Сіздің жеке деректеріңізді жібермейді дегенді білдіреді. Сіз әлеуметтік желі түймесін қосқан кезде ғана Сіздің жеке деректеріңіз тиісті плагин провайдеріне жіберіліп, онымен бірге сақталады (АҚШ-тағы провайдерлер жағдайында). Біз сіздермен және басқа да пайдаланушылармен өзара әрекеттесу арқылы ұсынатын ақпаратты одан да қызықты ету үшін әлеуметтік желі плагиндерін қолданамыз.

Сіздердің назарларыңызға: әлеуметтік желілер өздерінің пайдаланушыларының деректерін (мысалы, жеке деректер, IP-адрестері және т.б.) деректерді пайдалану ережелеріне сәйкес сақтайды және оларды коммерциялық мақсаттарда пайдаланады. Әлеуметтік желілерде деректерді өңдеу туралы ақпаратты келесі сілтемелер бойынша алуға болады:

Facebook, Twitter, Instagram, Youtube (Google)

Біз әлеуметтік желілер арқылы деректерді жинауға және одан әрі пайдалануға әсер ете алмаймыз. Бізде деректердің қай жерде және қанша уақыт сақталатындығы, әлеуметтік желілер деректерді жою міндетін қаншалықты орындайтындығы, қандай талдау және қандай топтастыру жүргізіліп жатқандығы және бұл деректер кімге берілетіні туралы ақпарат жоқ.

Сондықтан біздің сайтты қолдана отырып, әлеуметтік желілерге қандай жеке дерек беретініңізді мұқият тексеруді сұраймыз. Егер Сіз өзіңіздің жеке деректеріңізді әлеуметтік желілердің біздің веб-сайттағы ақпаратыңыз арқылы алғанына қарсы болсаңыз, бізге басқаша жолмен жүгінуіңіз керек, мысалы, біздің веб-сайтқа сұрау жіберу формасы арқылы.

2.4 Google карталары

Біздің сайтта Google провайдерімен ұсынылған Google Maps картасын қолданамыз. Қызметті пайдалану кезінде (картаны басу арқылы) Google жеке деректерді өңдейді: атап айтқанда, IP-адрестер мен пайдаланушылардың орналасқан жері туралы деректер, бірақ олар Сіздің келісіміңізсіз жиналмайды (әдетте мобильді құрылғылардың параметрлерінде берілген).

Қызмет провайдері:

Google Ireland Limited, Gordon House, Barrow Street, Dublin 4, Ireland

Веб-сайт: https://maps.google.de

Деректерді қорғау туралы ақпарат: https://policies.google.com/privacy

Деректер жинауды өшіру (Плагинді өшіру): http://tools.google.com/dlpage/gaoptout?hl=de

3. Байланысу аясындағы жеке деректерді өңдеу

Бізбен байланысқан кезде Сіз берген жеке деректер (аты-жөні, электрондық пошта, сондай-ақ мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, егер оларды көрсеткен болсаңыз) және берілген ақпарат (егер көрсеткен болсаңыз, жеке деректер) Сізбен байланысып, сұрауыңызды өңдеу үшін сақталады. Сақтау Федералдық министрліктердің жұмысы туралы жалпы ережені толықтыратын (Gemeinsame Geschäftsordnung der Bundesministerien) жазбаша құжаттарды сақтауға қатысты шарттарға сәйкес, тіркеушілер жұмысын ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз  жіберген сауал біздің құзыретімізге кірмейтін болса, сұрағыңызға жауап беру үшін деректерді беру Сіздің мүдделеріңізге сәйкес келеді деп болжауға негіз болса, деректерді қорғауға қойылатын талаптарды ескере отырып, жергілікті және федералды деңгейдегі басқа мекемелерге Сіздің келісіміңізсіз жіберілуі мүмкін, және егер бұл құпия жеке деректерге әсер етпесе (Жалпы ереженің 6-бабы, 1 бөл., е) т. мен қоса Деректерді қорғау туралы Федералдық заңның § 3-ке сәйкес; Деректерді қорғау туралы Федералдық заңның § 25, 1 бөл., 1 т., § 23 қоса).

4. Электрондық пошта арқылы ақпарат тарату

Біздің Германияның Сыртқы істер министрлігінің жаңалықтары мен пресс-релиздері туралы, немесе шетелдегі саяхатшыларға арналған ақпарат және қауіпсіздік шаралары туралы, ұсыныстар туралы хабарландыруларға жазыла аласыз.

Ақпараттық бюллетеньге жазылу үшін біз double opt-in тәсілін қолданамыз. Бұл дегеніміз, ақпараттық бюллетеньге тіркелгеннен кейін сіз көрсеткен адреске электронды хат жібереміз, онда Сізден бюллетеньге жазылғаныңызды растауыңызды сұраймыз. Электрондық поштада көрсетілген сілтеме расталғаннан кейін ғана Сіздің электронды адресіңіз біздің ақпараттық бюллетенімізді пайдалану кезеңінде дерекқорда сақталады. Егер 24 сағат ішінде жазылымды растамасаңыз, деректер автоматты түрде жойылады.

Кез-келген уақытта ақпараттық бюллетень алуға келісіміңізді қайтарып ала аласыз және жазылымнан бас тарта аласыз. Ақпараттық бюллетеннен бас тарту үшін Сіз ақпараттық бюллетеннен келетін әр электронды хабарламадағы тиісті сілтемені басуыңызға болады.

5. Баспа өнімдеріне тапсырыс беру

Біздің веб-сайт арқылы брошюраларға, буклеттерге және басқа да баспа материалдарына тапсырыс беру кезінде бізге келесі жеке деректер қажет болады:

•Тегі, Аты

Көше, үй нөмірі

• пошта индексі, қала

• электрондық пошта

Егер тапсырысыңызды толықтай өңдей алмасақ, Сіз ұсынған деректер үшінші тараптарға жіберіледі (жіберуші компания, қажет болса басқа мекемелер мен ұйымдар,  тапсырыс берілген материалдарды жібере алса). Сіздің деректеріңізді өңдеудің заңды негізі Сіздің келісіміңіз болып табылады. Жалпы ережелердің 6 бабы, 1 бөл., а) т. сәйкес. Жоғарыда көрсетілген деректер болмаған жағдайда, тапсырысты өңдеу мүмкін емес.

Сіз берген деректер тапсырыс аяқталғаннан кейін 90 күннен кейін жойылады.

6. Іс-шаралар, баспасөз және қоғаммен жұмыс жасау

Өздеріне жүктелген міндеттердің бір бөлігі ретінде Германияның Федералдық Сыртқы істер министрлігі және шетелдік өкілдіктер түрлі іс-шараларды ұйымдастырушы және бірлесіп ұйымдастырушы ретінде қызмет етеді.

Іс-шараға шақыру немесе оған қатысу жағдайында біз жеке деректерді өңдейміз (аты, мекен-жайы және т.б.). Мұны әртүрлі тәсілдермен жүзеге асыруға болады: мысалы, анкета толтыру, онлайн анкета, электрондық пошта, телефон немесе визит карточкасын жіберу арқылы.

Берілген жеке деректер сауалнамаға, деректерді енгізу үлгісіне немесе ауызша сөйлесу кезінде қандай деректер сұралғанға байланысты болады.

6.1. Еріп жүретін адамдардың деректерін жинау

Іс-шараларды тиісті түрде өткізу үшін, шақырылған қатысушылармен бірге еріп жүретін адамдардың деректерін жинау және өңдеу жүзеге асырылады. 7-ші тармақта көрсетілген құқықтар осы адамдарға да қолданылады.  

6.2. Мемлекеттік көздерден деректер жинау

Сонымен қатар, Федералдық Сыртқы істер министрлігі деректерді көпшілікке қол жетімді көздерден жинайды және өңдейді: мысалы, тиісті тұлғалардың веб-сайтынан немесе жалпыға қол жетімді деректер тізімінен.

6.3 Жиналған деректерді қолдану

Жеке деректер келісімсіз үшінші тұлғаларға берілмейді; олар ішкі пайдалану үшін және іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мақсатында сақталады және өңделеді (мысалы, қонақтардың тізімдерін жасау, кіреберістегі бақылау және т.б.). Деректер бір немесе бірнеше деректер операторларына берілуі мүмкін, олар біздің атымыздан жеке деректерді тек біздің ішкі мақсаттарымыз үшін пайдаланады.

Іс-шараның түріне байланысты біз басқа серіктестермен бірге ұйымдастырушы ретінде әрекет етеміз. Мұндай жағдайда, іс-шараны өткізу үшін жиналған деректер серіктестерімізге тек іс-шараны өткізу үшін ғана деректерді пайдалануға құқығы бар  серіктестерімізге жіберіледі. Қатысқан нақты серіктестер туралы ақпарат іс-шараны ұйымдастыру аясында бөлек ұсынылады.

Деректер іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге немесе қоғаммен жұмыс істеу аясында тапсырмаларды орындауға қажетті кезеңге ғана сақталады.

Хаттарды / шақыруларды алушы ретінде Сіз кез-келген уақытта басқа хаттар / шақырулар қабылдаудан бас тарта аласыз.

6.4 Фотосуреттер

Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдік өкілдіктері баспасөз және қоғаммен жұмыс жасау мақсатында, іс-шаралар мен кездесулер кезінде фотоға түсіріп, фотоматериалдары жариялайды. Фотосуреттерде Сіздің бейнеңіз танылуы мүмкін. Сіздің фотоға түсіруге және / немесе жариялауға келіспеуге құқығыңыз бар. Ол үшін фотографпен байланысыңыз немесе жоғарыда көрсетілген байланыс мәліметтерін қолдана отырып, келіспейтіндігіңізді білдіріңіз.

Назар аударыңыз, біз бұқаралық ақпарат құралдарының түсірілуіне әсер ете алмаймыз. Олар жалпы ережелерге сәйкес дербес жауапкершілікте болады.

7. Сіздің құқықтарыңыз

7.1. Бізге қатысты Сіздің жеке деректеріңізге қатысты келесі құқықтарыңыз бар:

 •Ақпарат алу құқығы, Деректерді қорғаудың жалпы ережелерінің 15 бабына сәйкес

•Түзету құқығы, Деректерді қорғаудың жалпы ережелерінің 16 бабына сәйкес  

 • алып тастау құқығы («жоққа шығару құқығы»), Деректерді қорғаудың жалпы ережелерінің 17 бабына сәйкес  

• қайта өңдеуді шектеу құқығы, Деректерді қорғаудың жалпы ережелерінің 18 бабына сәйкес  

• деректерді беру құқығы, Деректерді қорғаудың жалпы ережелерінің 20 бабына сәйкес  

•Қарсылық білдіру құқығы, Деректерді қорғаудың жалпы ережелерінің 21 бабына сәйкес  

7.2

Егер Сіздің жеке деректеріңіздің өңдеуі келісіміңіздің негізінде жүзеге асырылса (мысалы, ақпараттық бюллетень), Сіз кез-келген уақытта және себептерді көрсетпестен осы келісімнен бас тартуға құқығыңыз бар. Келісімнің күшін жою келісім жойылғанға дейін жүргізілген деректерді өңдеудің заңдылығына қолданылмайды (Деректерді қорғаудың жалпы ережесінің 7-бабының 3-тармағы).

7.3

Сонымен қатар, Сіздің жеке деректеріңізді өңдеуге қатысты деректерді қорғау жөніндегі қадағалау органына шағымдануға құқығыңыз бар (Деректерді қорғаудың жалпы ережесінің 77-бабы). Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігі мен шетелдік өкілдіктері үшін жауапты қадағалау органы Деректерді қорғау және ақпарат бостандығы жөніндегі Федералдық уәкіл болып табылады:

Der Bundesbeauftragte für den Datenschutz und die Informationsfreiheit

Graurheindorfer Straße 131

D-53117 Bonn


8. Шетелдік өкілдіктегі деректерді қорғау жөніндегі жауапты тұлға

Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктің деректерді қорғау жөніндегі уәкілі

Мұнда Сіз Қазақстандағы Германия Елшілігінің деректерді қорғау жөніндегі қызметкерімен байланыса аласыз:

Оливер Кестель

Нұр Сұлтандағы Германия Елшілігі

Космонавтар көшесі 62

010000 Нұр-Сұлтан

жоғары