Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Ұлттық виза
90 күннен артық уақытқа берілетін ұзақ мерзімді виза
Өтініш-сауалнаманы дайындау
Ұлттық виза белгілі бір мақсаттармен ұзақ тұруға арналған. Әдетте бұл 90 күнге, ал кейбір жағдайларда бір жылға дейін мерзімге беріледі.
Әдетте кіргеннен кейін Германияда тұруға рұқсат алу қажет.
Германияда тұратын субсидиялық қорғауды алушылардың отбасы мүшелеріне арналған ақпарат
Өтінішіңізді мына қадамдарды орындау арқылы дайындаңыз:
1-ші қадам:
Өтініш формасын толтырып, екі данада басып шығарып және осы үшін берілген орындарға өтініш пен қолхатқа қол қойыңыз.
Сіз электронды өтінішті неміс немесе ағылшын тілінде мына жерде толтыра аласыз.
Сіз Videx-өтініш формасын қазақ тілінде толтыру туралы нұсқауларды мына жерде таба аласыз.
Өтінімді растайтын құжаттар
2-ші қадам.
Қажетті құжаттарды жинаңыз. Барлық құжаттарыңыз толық болу керектігіне назар аударыңыз. Құжаттар жетіспеген жағдайда, өтініш қабылданбауы мүмкін. Құжаттарды тек өтінішпен бірге тапсырыңыз. Өтініш берместен бұрын дипломатиялық өкілдіктерге құжаттарды жібермеңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Визалық құжаттарды тиісті органдарға (шетелдіктерге арналған кеңсе, Федералды жұмыспен қамту агенттігі) жіберу үшін дипломатиялық өкілдік/Визаметрик оларды сканерлейді. Сондықтан ұсынылған көшірмелер жоғары сапалы болуы керек. Ажыратымдылығы төмен сканерленген құжаттар қабылданбайды.
Осы жерде Сіз сапарыңыздың мақсаттарына сәйкес қажетті құжаттарды таба аласыз.
Міндетті түрде назар аударыңыз
Жадынама: Жалпы ақпарат
Электронды хат арқылы хабарласуға келісім беру және өкіл тағайындау
Білім беру
Жадынама: Жоғары білім алу
Жадынама: Жоғарғы оқу орнына құжат тапсыру
Жадынама: Тілдік курс өтуге
Жадынама: Шетелдік кәсіби біліктілікті тану
Жадынама: Өтініш бергеннен кейін студенттерге жадынама
Жұмыс істеу
Жадынама: Мүмкіндік картасы
Жадынама: Кәсіптік білім алу үшін виза
Жадынама: Тәжірибеден өтуге арналған виза
Жадынама: Ғылыми-зерттеу жұмыстары
Жадынама: Жұмыс істеу
Жадынама: ЕО көк картасы
Жадынама: Кәсіби жүргізуші ретінде еңбек әрекеті
Жадынама: Өз бетімен істеген жұмысқа арналған виза
Жадынама: Au-Pair
Жадынама: Германияда ерікті ретінде қызмет атқару үшін виза
Тұру туралы заңның 18 § 2 абзац 4 тармағына сәйкес нұсқама
Тұру туралы заңның 82 § 1 абзац 6 сөйлеміне сәйкес нұсқама (ағылшын тілінде)
Мамандарға арналған жылдамдатылған рәсім туралы ақпарат
Германияға IT-маманы ретінде келген ақпарат
Отбасының қосылуы
Жадынама: Жұбайымен қосылу
Жадынама: Неке қию
Жадынама: Кәмелетке толмаған баланың отбасымен қосылуы
Жадынама: Аса ауыр жағдайларда берілетін виза
Германияға қайта кіру
Жадынама: Германияға қайта кіру
Тапсыруға жазылу
3-ші қадам
Өтініш тапсыру үшін алдын ала жазылыңыз.
Университет пен дайындық колледжінің студенттеріне, дайындық курстарына қатысушыларға, жоғары оқу орнына түсушілерге және тіл курсына қатысушыларға арналған ұлттық визаларға өтініштер Астанадағы Елшіліктің консулдық округінде, немесе Алматы қаласындағы Бас консулдықтың консулдық округінде Visametric виза орталық арқылы қабылданады. Германияда тұру туралы заңының §18a және b тармақтарына сәйкес білікті жұмысшыларға (білікті кәсіптік білім немесе сәйкес болып бекітілген университет дәрежесі), ЕО көк картасының иелеріне (жоғарыда айтылған заңның §18g сәйкес), зерттеушілерге (жоғарыда айтылған заңның §18d сәйкес), кәсіби жүргізушілерге, тағылымдамадан өтушілерге (§16а, жоғарыда айтылған заңның 1-тармағына сәйкес) және Au-Pair-лерге ұлттық визаларға өтініштер Visametric виза орталығы арқылы 13.03.2024 жылдан бастап қабылданады. Жоғарыда аталған өтініш берушілердің жұбайлары, балалары және басқа отбасы мүшелері виза орталыққа өтініштерін тапсыруы керек, егер олар Германияға бір уақытта (6-ай ішінде) көшетін болса.
Visametric Сіздің өтінішіңізді құжаттармен бірге дипломатиялық өкілдікке жібереді. Сол жерде Сіздің өтінішіңіз тексеруден өткен соң, виза беру туралы шешім қабылданады. Visametric осы процедураның нәтижесіне әсер етпейді және Сіздің өтінішіңіз бойынша шешім қабылдамайды.
Visametric орталығы Сізге ұзақ кезексіз қысқа мерзім ішінде жазылуға мүмкіндік береді; Алынған қызмет ақысы - 29,54 евро (теңгемен төленеді). Сонымен қатар, Visametric орталығы қызметтердің басқа түрлерін де ұсынады (мысалы, биометриялық фотосурет түсіру мүмкіндігі, VIP қызметі және т. б.).
Дипломатиялық миссиялардың қадағалауымен Visametric серіктестік компаниясы Қазақстанда екі визаны қабылдау орталығын басқарады.
Егер Сіз Астанадағы Елшіліктің әкімшілік ауданында тұрақты тұратын болсаңыз, онда Сіз Астанадағы виза орталығына өтініш беруіңіз керек.
Егер Сіз Алматыдағы Бас консулдықтың әкімшілік ауданында тұрақты тұратын болсаңыз, онда Сіз Алматы қаласындағы визалық орталыққа жүгінуіңіз керек.
Виза орталығына жазылу үшін брондау ақысыз. Брондау жүйесі барлық клиенттерге қол жетімді. Атап айтқанда, туристік компаниялар мен басқа делдал агенттіктердің өтініштерді тіркеу жүйесіне арнайы қол жетімділігі жоқ. Дипломатиялық миссиялар Visametric компаниясынан бөлек басқа серіктес компаниялармен ынтымақтастық жасамайды.
Виза орталығының веб-сайтына сілтеме
Барлық басқа санаттар үшін Сіз өзіңіздің сұхбатыңызды Eлшіліктің немесе Бас консулдықтың әкімшілік ауданында тұруыңызға байланысты Елшіліктің немесе Бас консулдықтың веб-сайты арқылы ғана бере аласыз.
Астана қаласындағы Елшілік
Егер Сіз Елшіліктің әкімшілік аймақтарында тұрсаңыз, онда Елшілікте қужат тапсыруға жазылыңыз.
Броньдауды өзіңіз немесе таңдаған адамыңыз кез келген уақытта және ақысыз жасай алады. Өзіңізбен бірге шығатын барлық адамдарды (кәмелетке толмаған балалармен қоса) жазуды ұмытпаңыз.
Астана қаласындағы елшілікке құжат тапсыру үшін сілтеме
Алматы қаласындағы Бас консулдық
Егер Сіз Алматыдағы Бас консулдықтың әкімшілік ауданында тұрсаңыз, онда Бас консулдыққа құжат тапсыруға жазылыңыз: Алматы қаласындағы Бас консулдыққа құжат тапсыру үшін сілтеме
Броньдауды өзіңіз немесе таңдаған адамыңыз кез келген уақытта және ақысыз жасай алады. Өзіңізбен бірге шығатын барлық адамдарды (кәмелетке толмаған балалармен қоса) жазуды ұмытпаңыз.
Абай болыңыз: Алаяқ фирмалар!
Ұлттық визалар саласында біздің дипломатиялық өкілдіктер қызмет көрсетушілермен, делдалдармен немесе басқа агенттіктермен жұмыс істемейді. Атап айтқанда, мұндай фирмалар біздің жазылу жүйемізге басымды қол жеткізуімен құқықтанылмайды және ешбір жағдайда визаны рәсімдеу процедурасына әсер ете алмайды. Сіздің өтінішіңізді қарастыру үшін төлемақы тек консулдық алым сомасында сұхбат кезінде дипломатиялық өкілдіктерінде жасалады. Өтініштер, жадынамалар және жазылу ақысыз қамтамасыз етіледі.
Германияға кірмес бұрын шектелген шот ашу
Шектелген шот арқылы Сіз виза алуға өтініш берген кезде қаражатыңыздың жеткілікті екендігін растай аласыз.
Сіз шектелген шотты қай жерде ашқыңыз келетінін өзіңіз белгілей аласыз. Келесі шарттардың орындалуы маңызды:
- Шектелген шотта Германияда болуға байланысты бүкіл шығыстардың барлық жоспарланған кезең ішінде жабылуына кепілдік беру үшін жеткілікті оң сальдо болуы керек. Бұл талап егер виза алу үшін өтініш беру / қарастыру барысында өтініш берушінің қосымша қаражаты расталмаған жағдайда ғана іске асады. Виза санатына байланысты қаражатты ағымдағы ставкаларын тиісті жадынамалардан таба аласыз.
- Сіз ай сайын белгілі бір мөлшерде ғана шектелген шоттан қаражат ала аласыз. Виза санатына байланысты мөлшер туралы ақпаратты тиісті жадынамалардан табуға болады.
- Шектелген шот мекеменің пайдасы үшін ашылғандықтан ол шотты жабу тек осы мекеменің келісімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл мекеме - Германияның дипломатиялық өкілдігі болып табылады. Осы өкілдікте виза алуға берілген өтініш қаралады немесе өтініш беруші Германия Федеративті Республикасына келгеннен кейін бұл миссия шетелдіктерге арналған құзыретті мекеменің қарауына беріледі. Шектелген шот ашылған мекемеде оның шотқа қол жетімділігі жоқ.
Барлық қаржы мекемелері шектелген шоттарды аша алады. Германияның Сыртқы істер министрлігі қай қаржы мекемелері шектелген шоттарды ашатыны туралы ақпарат бере алмайды.
Сұхбат және өтінішті тапсыру
Әрбір өтініш берушінің өзі кәмелетке толмаған балалармен қоса болуы міндетті болып табылады.
Өтініш, дәл белгіленген уақытта келіп болыңыз. Дипломатиялық өкілдіктер жазылған уақытынан кешігіп келгендерді қабылдамауға құқылы.
Өтінішті Visametric виза орталығына жіберу үшін Сіз белгіленген уақытта виза орталығына келуіңіз керек. Бұл сұхбатта Сіз құжаттардың толық пакетін тапсырасыз, консулдық және қызмет ақысын төлейсіз, жоспарланған сапарға байланысты сұрақтарға жауап бересіз. Сонымен қатар, Сіздің фотосуреттеріңіз сканерленіп, саусақ іздеріңіз алынады.
Консулдық алымдардың тізімін біздің жалпы ақпарат парағымыздан таба аласыз. Виза орталығының қызмет ақысының мөлшерінің тізімін мына жерден таба аласыз.
Құжаттарды тапсырғаннан кейін Сізге іс нөмірі жазылған түбіртек келеді.
Егер құжаттарды тексеру барысында қосымша құжаттар сұралса, онда құжаттарыңыз тиісті түрде қосылуы үшін, міндетті түрде, істің нөмірін беруіңіз керек.
Құжаттарды қарастыру кезінде өкілдіктер қосымша құжаттар сұрауға құқылы.
Өтінішті қарастыру
Германия өкілдігі өтінішіңізді қарастырады және тиісті шешім қабылдайды. Бұл жағдайда Сіздің өтінішініздің құқықтық алғышарттарына сай келетіндігі тексеріледі. Қажет болған жағдайда шешімді қабылдауға Германияның басқа мекемелері тартылуы мүмкін. Сапардың мақсаттарына байланысты құжаттарды қарастыру үш айға дейін, ал кейбір ерекше жағдайларда тіпті ұзағырақ болуы мүмкін.
Сіздің өтінішіңіз бойынша шешім қабылданғаннан кейін дипломатиялық миссия немесе Visametric Сізбен байланысады. Дипломатиялық миссия немесе Visametric сонымен қатар қосымша құжаттар қажет болған жағдайда немесе Сіздің өтінішіңізді қарау кезінде сұрақтарыңыз болса Сізбен байланысады. Кейбір жағдайларда дипломатиялық өкілдікте (қайта) әңгімелесу қажет болуы мүмкін.
Қужаттарды тексеру барысында өтініштің ахуалына қатысты сұрақтарға жауап беру мүмкін емес екеніндігін дұрыс түсінуіңізді өтінеміз.
Қужаттарды тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін: жауаптар өтініш берушінің өзіне немесе оның заңды өкіліне, сондай-ақ жазбаша сенімхаты бар сенім жүктелген тұлғаға ғана беріледі.
Төлқұжатты қайтарып беру
Виза алудың барлық шарттары орындалғаннан кейін, өкілдік немесе Visametric Сізбен байланысады. Кіру визасын алу үшін төлқұжаттың түпнұсқасын, медициналық сақтандырудың түпнұсқасын + көшірмесін (төменгі өтемақысы 30 000 еуро, оның ішінде COVID-19 шығыны 30 000 еуро мен қамтылады және жарамдылық мерзімі 90 күн) ұсыну қажет.
Отбасының қосулуына, некеге тұруға немесе қоныс аударуға сапар шеккенде, қазақстандық шекара қызметі Қазақстан Республикасының көші-қон полициясынан алдын ала алынатын «тұрақты тұру мақсатымен» шығуға рұқсатын талап етеді.
Дипломатиялық өкілдік немесе Visametric Сізге виза алу мүмкіндігі туралы хабарлағаннан кейін Сіз төлқұжат пен медициналық сақтандыруды алдын-ала жазылусыз өткізе аласыз және оны келесі жұмыс күні ала аласыз:
Төлқұжатты құжаттар тапсырылғаннан кейін алынған түбіртекті көрсету арқылы беріледі. Егер де төлқұжатыңызды өзіңіз ала алмасаңыз, Сіз үшін Сіздің өкіліңіз түбіртегіңіз бен қолыңыз қойылған сенімхат арқылы ала алады. Сенімхатты нотариус арқылы куәландыруға қажеті жоқ.
Сенімхаттың үлгісін осында көруге болады: Сенімхаттың үлгісі
Visametric орталығына жүгінген кезде, Елшілік немесе Бас консулдық Сіздің өтінішіңізді өңдеу аяқталғаннан кейін паспортыңызды Visametric орталығына өткізеді. Visametric паспортыңыздың дайын екендігі туралы хабарлайды. Паспорт алу туралы қосымша ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Егер төлқұжатты оң шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кейін визаға берген болсаңыз, онда құжаттар әдетте қайта тексеріледі. Бұл жағдайда виза беру уақыты созылады.
Виза жапсырмасының тексеруі
Төлқұжатыңызды алғаннан кейін визадағы мәліметті тексеріңіз. Атап айтқанда, фотосуретіңізді, аты-жөніңіздің жазылуын, визаның басталу және аяқталу мерзімін, кіруге рұқсат етілген саны мен тұруға болатын күндерінің санын тексеріңіз.
Егер Сіз визаңыздан қате тапсаңыз, онда дереу виза берген өкілдікпен немесе Сіз паспорт алған виза орталығымен хабарласуыңыз керек.
Виза беруден бас тарту
Егер Сіздің өтінішіңіз бойынша кері шешім қабылданса, Сіз Виза беруден бас тарту туралы хат аласыз. Хатта бас тартудың себептері көрсетіледі.
Егер шешіммен келіспесеңіз, апелляцияға немесе сот ісін жүргізуге болады. Қосымша ақпаратты осында көре аласыз