Федералды сыртқы істер министрлігінің сайтына қош келдіңіз
Шенген визасы
90 күннен аспайтын қысқа мерзімді сапарлар үшін
2024 жылдың 11 маусымынан бастап Шенген визасын алу үшін алым 90 еуроны, алты және 12 жасқа дейінгі балалар үшін 45 еуроны құрайды (Виза кодексінің 16-бабының 1 және 2-тармақтары).
Өзгерістер Виза кодексінің 16-бабының 9-тармағына сәйкес үш жыл сайын жүзеге асырылатын Еуропалық комиссияның визалық алымдарды қарауы негізінде қабылданды.
Шенген визасы - Шенген аймағында 180 күн ішінде 90 күннен аспайтын қысқа мерзімді болу үшін кіру визасы. Шенген визасы Шенген аймағының барлық елдеріне кіру және болу құқығын береді. Дегенмен, Сіз Шенген визасын алу үшін сапарыңыздың негізгі бағыты болып табылатын елдің дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне өтініш беруіңіз керек.
Егер Сіз Германияның дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдығына Шенген визасын алуға өтініш білдірсеңіз, онда Германия Сіздің сапарыңыздың негізгі бағыты болуы керек. Әйтпесе, құзыреттіліктің болмауына байланысты өтінішіңіз қабылданбайды.
Өтінішті тапсыруға дайындық барысында келесі үш қадамға сүйеніңіз:
Өтініш
1-қадам.
Виза ашуға арналған өтініш сауалнаманы осы жерде толтырып, толық шығарып, қолыңызды қойыңыз.
Қажетті құжаттар, жадынама
2-қадам
Қажетті құжаттарды жинаңыз. Құжаттардың толықтығына назар аударыңыз. Құжаттарыңыздың толық болмау себебінен Сіздің өтінішіңіз қабылданбауы мүмкін. Өтінішпен қажетті құжаттарды бірге жіберіңіз. Өтініш бергенге дейін құжаттарды дипломатиялық өкілдікке жібермеңіз.
Төменде сапарға шығу мақсатыңыз бойынша қажетті құжаттар тізіміне шолу:
- Жалпы ақпарат
- Жадынама: Транзиттік виза
- Жадынама: Туристік виза және сапар жайлы мәлімет
- Жадынама: Қонаққа бару визасы, ресми емес шақыру қағазының үлгісі
- Жадынама: Іс сапар визасы, Іс сапарға шақыру қағазының үлгісі (неміс тілінде)
- Жадынама: Жүк көлігінің жүргізушілеріне арналған виза, жүк көлігінің жүргізушілеріне толтыруға арналған формуляр
- Жадынама: Емделуге баруға виза, қосымша формуляр «Емделуге»
- Жадынама: Спорттық жарыстарға қатысуға баруға виза
- Жадынама: Тіл үйрену курстарына қатысуға виза
- Жадынама: Көрмеге қатысуға виза
Сіз дипломатиялық өкілдікке электрондық пошта арқылы жауап алуға келісіміңізді бере аласыз немесе өз өкіліңізді тағайындай аласыз, ол үшін төмендегі құжатты толтырып, оған қолыңызды қоюыңыз қажет:
Электрондық пошта арқылы хабар алуға келісім беру және өкіл тағайындау
Өтініш тапсыруға нақты уақыт тағайындау
3-қадам
Өтінішіңізді тапсыру үшін нақты уақыт тағайындауға тапсырыс беріңіз. Сіздің өтінішіңіз жоспарланған сапар басталғанға дейін ең ерте 6 ай бұрын жіберілуі мүмкін және сапарға шыққанға дейін кемінде 15 күн бұрын шетелдік өкілдікке тапсырылуы керек.
Біздің шетелдік өкілдіктер тек біздің серіктесіміз"Визаметрик" сервистік компаниясымен ғана бірлесіп жұмыс істейді. "Визаметрик" сервистік компаниясы Сізге өтініш жасауға көмектеседі және құжаттарды жауапты шетелдік өкілдікке жібереді. Сіздің өтінішіңіз тексеріліп, шешім қабылданады. "Визаметрик" сервистік компаниясы Сіздің өтінішіңізге қатысты шешім қабылдамайды.
"Визаметрик" қызметі қысқа мерзімде өтініш тапсыру үшін уақыт тағайындауға және күту уақытын төмендетуге мүмкіндік береді және қызмет көрсеткені үшін 26,54 еуро ақы төленеді (теңгемен төленеді). Сонымен қатар "Визаметрик" сервистік компаниясы басқа да қызметтерді ұсынады (мысалы, биометриялық төлқұжат суретін, VIP қызмет көрсету және т.б.).
Дипломатиялық өкілдіктердің қадағалауымен Қазақстанда "Визаметрик" сервистік компаниясының бес бағдарлама орталығы жұмыс істейді (Астана және Алматы).
Егер Сіз Астана қаласының әкімшілік ауданында тұрғылықты тұрсаңыз онда Сіз өтінішіңізді Астана қалаcындағы "Визаметрик" сервистік компаниясының қабылдау орталығына тапсыра аласыз.
Ал егер Сіз Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына кіретін әкімшілік ауданында тұрсаңыз, Алматы қаласындағы "Визаметрик" қабылдау орталығына тапсыра аласыз.
"Визаметрик" қабылдау орталықтарына жазылу ақысыз әрі барлық клиенттерге қол жетімді. Туристік немесе басқа да делдал агенттіктердің жазылу қызметіне кіретін қандай да бір ерекше мүмкіндіктері жоқ.
Мына жерден "Визаметрик" қызмет көрсету орталықтары жайлы ақпарат табасыз.
Егер Сіз әкімшілік округінің тұрақты тұрғыны болмағаныңызға қарамастан сол визалық орталыққа өтініш білдірсеңіз, өтінішіңізді Елшілік немесе Бас консулдықтар қабылдамайды.
Егер Сіз студент немесе оқушы болсаңыз және ағымдағы семестр немесе оқу жылы бойы Елшіліктің немесе Консулдықтың әкімшілік округынан тыс жерде болсаңыз, Сіздің оқу орыныңыз қай әкімшілік ауданға тиесілі болса, сол өкілдікке немесе виза орталығына виза ашуға өтініш жасай аласыз.
Сұхбат және өтініш тапсыру
Өтінішіңізді тапсыру үшін "Визаметрик" қызмет көрсету орталығына белгіленген уақытта келіңіз.
Сол кезде құжаттарыңызды толықтай өткізіп, консулдық алым мен Визаметрик орталығының қызмет көрсету ақысын төлеп, жоспарланған сапарыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.
Консулдық алым туралы нақты мағлұматты біздің «Жалпы ақпараттар» нұсқаулығынан таба аласыз.
Бізге қызмет көрсетуші "Визаметрик" орталықтарының қызмет көрсету ақысын мына жерден көре аласыз.
Сонымен қатар "Визаметрик" орталығы Сізді суретке түсіріп, саусақ іздеріңізді алады.
Шенген визасын алу үшін Сіз соңғы 59 айда Шенген аймағына кіретін мемлекеттердің бірінің дипломатиялық өкілдігінде Сіздің саусақ іздеріңіз бар болса, онда Сіздің сұхбатқа жеке қатысуыңыздың қажеті жоқ. Визаны ашу туралы өтінішті өтініш берушіден нотариалдық куәландырылған сенімхат арқылы, сондай-ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін қамтамасыз етуі арқылы сенім жүктелген тұлға тапсыруы мүмкін. Кей жағдайларда өтініш берушіні ісін қарау кезінде дипломатиялық өкілдікке жеке сұхбат алу үшін шақырылуы мүмкін.
Саусақ іздері 59 ай өткеннен кейін, визалық ақпарат жүйесінен (VIS) жойылады, сондықтан сұхбатқа жеке қатысу қажеттілігі жаңартылады.
Өтінішті қарастыру
Германия өкілдігі Сіздің өтінішіңізді қарастырады және 15 күнтізбелік күн ішінде тиісті шешім қабылдайды. Ол үшін Сіздің өтінішіңіздің заңды талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Кей кезде құжаттарды толық көлемде бермеген жағдайда, сұрақтар туындаған немесе өтініш берушімен жеке сұхбат қажет болған жағдайда қарастыру уақыты созылуы мүмкін.
Сіздің өтінішіңізді қарастыру барысында қосымша құжаттар қажет болған жағдайда, "Визаметрик" орталығы Сізге хабарласады.
Өтінішіңіздің қарастырылу деңгейін әркез мына жерден бақылай аласыз.
Сонымен бірге өкілдіктер Сіздің өтінішіңізді қалыпты қарастыру барысында белгіленген мерзімге дейін ешқандай ақпарат бермейді.
Басқаша жағдайда: тек өтініш берушінің, оның заңды өкілінің немесе жазбаша сенімхаты бар тұлғалардың сұрақтарына ғана жауап беріледі.
Маңызды: Сатып алынған ұшақтың билеті Сіздің өтінішіңізді ережеден тыс өзгеше өңдеу үшін негіз болып табылмайды. Осы себепті, Елшілік ашылған виза жабыстырылған төлқұжатыңызды алғанға дейін билеттерді сатып алмауға кеңес береді.
Төлқұжатты қайтару
Сіздің өтінішіңіз туралы шешім қабылдағаннан кейін Елшілік/Бас Консулдық төлқұжатыңызды "Визаметрик"-ке жолдайды. Олар өз кезегінде Сізге төлқұжатыңызды алу керектігі жайлы хабар береді.
Төлқұжатты алу туралы ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Виза жапсырмасын тексеріңіз
Төлқұжатыңызды алғаннан кейін визадағы ақпаратты мұқият тексеріңіз. Атап айтқанда, фотосуретіңізді, аты-жөніңіздің дұрыс жазылуын, визаның әрекет ету мерзімінің басталу және аяқталу уақытын, елге қанша рет кіруге рұқсат берілгенін және күндердің санын тексеріңіз.
Визалық кодекс бойынша Шенген визасы әдетте қосымша 15 күндік мерзіммен беріледі. Бұл кезең Шенген аймағындағы күндер санына емес, визаның мерзімін қамтиды.
Толық ақпаратты мына жерден табуға болады.
Егер сіздің визаңыздан қате тапсаңыз, төлқұжатыңызды алған виза орталығына дереу хабарлаңыз.
Визаны алғаннан кейін сапарыңыздың күнін өзгерткен жағдайда, виза күнін өзгерту мүмкін емес. Жаңа сапар күндерімен жаңадан виза ашуға өтініш беруіңіз қажет.
Шенген аймағына кіру
Шенген визасын беру Шенген аймағына кіретін мемлекеттердің барлығына кіру құқығын береді, бірақ талап қоюға негіз болып табылмайды. Соңғы шешімді шекаралық полиция Шенген аймағына кіру нүктелерінде қабылдайды. Сонымен қатар шекара полициясы Сіздің қаражатыңыз, сапарыңыздың ұзақтығы мен мақсаты туралы, сондай-ақ халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі туралы қосымша құжаттарды көрсетуді талап етуі ықтимал. Шекарадан өту кезінде тиісті құжаттар (мысалы, Германиядан шақыру қағазы, қонақ үйді брондау, жол жүру медициналық сақтандыру) әрдайым Сізбен бірге болуы керек.
Егер Сізде Германияның Шенген визасы бар болса және Германия Сіздің сапарыңыздың басты мақсаты болған жағдайда - Шенген аймағына басқа Шенген мемлекеті арқылы кіру қиын емес. Бұл жағдайда ары қарай Германияға баратыныңызға дәлел болатын құжаттарыңызды сұраған кезде көрсете алуыңыз қажет.
Маңызды: Шенген аймағында болуға рұқсат етілген максималдық мерзім 180 күн ішінде 90 күн. Егер Сіз осы мерзімнен күндеріңіз асып кетпегеніне күмандансаңыз немесе Германияға қашан қайта кіруге болатынын тексергіңіз келсе, мына (онлайн-калькулятор) жерден күндер санын тексеріңіз.
Шенген визасы берілмеген жағдайда
Егер де Сізге белгілі бір себептерге байланысты Шенген визасы берілмесе, Сіз жазбаша түрде Шенген визасы берілмеу жайлы шешімді аласыз. Шенген визасы берілмеу себебі / себептері Шенген визасы берілмеу жайлы хатта көрсетіледі.
Шенген визасы берілмеу туралы шешімге Сіз қарсы апелляция (арыз жазуыңызға) немесе сотқа шағымдануыңызға болады.
Толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бұл сұраққа жауапты Сіз осы жерден таба алуыңыз мүмкін.